Грекия Лукашенконың мәлімдемесін жоққа шығарды

Грекия Ryanair рейсіне қауіп төніп тұр деген хабар алмағанын мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының алдында Лукашенко ресми Минск, Афина және Вильнюс әуежайлары «ұшақта бомба бар» деген ақпарат алғанын айтқан болатын. Бірақ Грекияның Азаматтық авиация басқармасы Ryanair компаниясының қауіпсіздігіне қатысты ешқандай мәселе болған емес деп ресми жауап берді.

Сондай-ақ Лукашенко қауіп туралы хабар Швейцариядан да түскенін айтқан болатын. Алайда Швейцария билігі де мұны жоққа шығарды.