Еуроодақ AstraZeneca компаниясымен соттасып жатыр

Еуропалық Одақ AstraZeneca компаниясымен соттасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еурокомиссия бірлестіктің үстінен вакцинаны уақтылы жеткізе алмайтынына байланысты сәуір айында шағым түсірген. Оған AstraZeneca басшылығының келісімшарт бойынша қарастырылған 300 миллион доза екпенің үштен бір бөлігін тек маусым айында жеткізетінін хабарлауы себеп болды. Ресми Брюссель болса осы мезгілге қарай шарт бойынша қарастырылған препараттың 120 миллион дозасын жеткізуді талап етіп отыр. Еурокомиссия заңгерлері соттан егер компания бұл шартты орындамаса, әр кешіктірілген күн сайын дозасына 10 еуродан төлеуді сұрауда және келісімді сақтамағаны үшін 10 миллион еуро айыппұл төлеуі керек дегенді айтады.