426,61 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Непал Эверестте вирустың өршуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

  • 105
  • UPD: 14:29, 27.05.2021

Непал билігі Эвересттегі лагерьде коронавирустың өршуі туралы ақпаратты жоққа шығарып отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы ретте тау басына шығу жалғасып жатыр. Негізі альпинизм Непалға айтарлықтай табыс әкеп отырған саланың бірі саналады. Алайда коронавирусқа байланысты билік былтыр наурызда Эверестті туристер үшін жауып тастаған еді. Биыл көктемде шектеулер алынды. Сөйтіп осы маусымда 400-ден аса шетелдік альпинистке тау басына шығуға рұқсат берілген екен. Алайда сәуірдің соңында мұнда Норвегиядан келген спортшының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Шетелдік экспедиция өкілдерінің хабарлауынша, қазір лагерьдегі вирус жұқтырғандар саны 100-ге жуықтаған. Жақында Қытай билігі Тибет жағынан альпинистердің Эверестке көтерілуіне тыйым салды. Ахуалдың ушығуына байланысты кейбір экспедициялар өз адамдарын эвакуациялап жатыр.

Лукас Фуртенбах, Furtenbach Adventures компаниясының басшысы:

Эвересттегі лагерьде коронавирусты жұқтыру деректерінің саны 100-ге жуықтайды. Ол оқиғаларды дәрігерлер де, экспедиция жетекшілері де, тіптен сақтандыру компаниялары да растай алады. Вирустың өршуі туралы науқастарды тасымалдаған тікұшақ ұшқыштары да хабардар.

Хабар 24 телеарнасы