Royal Dutch Shell ауаны ластауды азайтатын болды

Нидерландта сот Royal Dutch Shell мұнай-газ компаниясына ауаға зиянды қалдықтарды шығаруды азайтуды міндеттеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Үкімге сай британ-нидерландтық бірлестік 2030 жылға қарай ауаға шығартын көмірқышқыл газын 2019 жылмен салыстырғанда 45 процентке қысқартуы керек. Табиғатты қорғаушылар мұны тарихи шешім деп отыр. Себебі, оның өзге энергетикалық бірлестіктерге қатысты істерге ықпалы күшті болады деген пікірде. Бірақ үкім тек Нидерланд аумағында ғана қолдануға арналған. Бірлестік болса шешімді қайта қарауға күш салатынын айтады.

Роджер Кокс, адвокат:

– Бұл өте маңызды шешім. Себебі сот әлемде алғаш рет ауаны көмірқышқылымен ластап жатқан ірі бірлестікке климаттың өзгеруімен күресуге атсалысуды міндеттеді. Енді компания зиянды қалдықтарын 2030 жылға қарай жартылай қысқартуы тиіс.