АҚШ-та вакцина салдыру үшін келген туристер көбейді

АҚШ-та Латын Америкасынан саяхаттап барған туристер саны көбейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар мұны адамдардың вакцина алу үшін келуімен байланыстырып отыр. Зерттеулер, әсіресе, Перу мен Мексикадан ағылған туристер қарасы артқанын көрсетеді.

Перу Денсаулық министрлігінің хабарлауынша, қазірге дейін 70 мыңнан аса адам вакцина салдыру үшін шетелге барған. Бұл мемлекетте қазір екпенің жетіспеушілігінен халықты вакциналау баяулаған. Ал ресми дерекке сүйенсек, жалпы Латын Америкасында коронавирусқа қарсы халықтың 3 проценті ғана толық егілген екен.

Сондай-ақ...