Виктория штаты карантинге қайта жабылды

Австралияның Виктория штатында індеттің өршуіне байланысты қайтадан 1 аптаға карантин енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа шектеулерге байланысты аймақ тұрғындарына аса қажеттіліксіз үйлерін тастап шығуға тыйым салынады. Шара үндістандық штамның тарауынан кейін қолға алынған. Мутацияға ұшыраған вирус алғаш рет осы айдың бас кезінде Үндістаннан оралған тұрғыннан анықталған. Содан дертке ондаған адам шалдығып, науқастармен байланысқа түскен 10 мыңнан астам тұрғын бақылауға алынған.

Джеймс Мерлино, Виктория штаты премьер-министрінің міндетін атқарушы:

Соңғы бір тәулікте бұл штамды жұқтырғандар саны екі есе өсті. Егер қазір шапшаң қимылдамасақ оның таралуына тосқауыл қоя алмай қалуымыз мүмкін. Өкінішке қарай, елде халықты вакциналау баяу жүріп жатыр. Егер ол қарқынды жүргізілгенде қазір жағдай өзгеше болар ма еді?