Үндістанда «Яас» дауылы әлек салды

Үндістанның шығысында ойран салған «Яас» дауылы батысқа ойысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Одиша және Батыс Бенгалия штаттарында табиғи апаттан 5 адам қаза тапты. Жергілікті ақпарат құралдары құрбандар қатары бұдан да көп болуы мүмкін дейді. Үлкен су 128 ауыл мен негізгі жолдарды шайып кеткен. Желдің екпіні сағатына 140 шақырымға жеткен. Билік зардап шеккендерге азық-түлік пен ауыз су жеткізіліп, уақытша баспана берілетінін мәлімдеді. Кейбір аймақтарда вакциналау ісі тоқтап қалды. Дауыл келгенге дейін 3 жарым миллион адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Сарасти Бехера, жергілікті тұрғын:

– Жел үйімнің шатырын жұлып, алып ағаш құлады. Төтенше жағдай қызметкерлері әлі келген жоқ. Енді 2 баламмен қаңғып, қайда бармақпын?! Күйзеліп тұрмын.

Абишек Патнайк, жергілікті тұрғын:

– Вакцина салдыруға алдын ала жазылып, әжемді ертіп келіп едім. Бірақ босқа келіппіз. Дауылдың кесірінен вакциналау 3 күнге шегерілді.

Сондай-ақ...