Франция президенті Руанда халқынан кешірім сұрады

Франция президенті өз елінің Руандадағы геноцид үшін кінәлі екенін мойындап, осы ел халқынан кешірім сұрады.

Бұл туралы Эммануэль Макрон Африкаға сапары барысында жария етті.

Айтуынша, француздар 27 жыл бұрынғы жағдайды дұрыс бағаламай, геноцид ұйымдастырған тарапты қолдаған.

Айта кетейік, 1994 жылы Руандада 800 мыңға жуық адам қаза болды. Марқұмдардың дені тутси халқының өкілдері. Оларды қырып салуға сол Руандадағы хуту халқының үкіметі бұйрық берген. Африкадағы бұл елдің өкілдері ұзақ уақыт бойы осы қайғылы оқиғаға француздардың да қатысы барын айтып келген еді. Сол себепті 2006 жылы қос мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 3 жылға үзілген.