Минск Еуроодақтың әрекетіне наразылық білдірді

Беларусь премьер-министрі Еуропалық одақты елде төңкеріс жасауға жағдай жасамақ болды деп айыптады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал одаққа мүше елдердің экономикалық санкциялары мемлекет экономикасын күйретуге бағытталғанын айтады. Роман Головченко мұндай мәлімдемені Минскіде өтіп жатқан ТМД елдері үкімет басшылары кеңесінің аясында Ресей премьер-министрімен өткізген кездесуінде жасады. Осы мақсатта Еуроодақ шектеулерді елдің ішкі жалпы өнімінің елеулі үлесін құрайтын салаларға енгізіп отыр дейді.