425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекия астанасында мыңдаған жұмысшы наразылық шеруіне шықты

  • 76
  • UPD: 10:28, 28.05.2021
Грекия астанасында мыңдаған жұмысшы наразылық шеруіне шықты

Шараға қатысушылар үкіметтің еңбек заңын реформалауына қарсы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Наразылық танытқандар бұл реформа жұмысшылардың құқығын аяқ асты етіп, сегіз сағаттық еңбек уақытын ұзартады деген пікірде. Демек, үкіметтің жұмыс уақытын ырықтандырамыз деуі бос сөз. Ал биліктің көздегені 8 сағаттық жұмыс уақытын 10 сағаттық етіп ұзартқанымен, 5 күндік жұмыс тәртібінен бас тарту. Еңбек министрі бұл өзгерістер қызметкердің өз жұмыс уақытын белгілеуде оған еркіндік береді деп отыр. Ал үстеме жұмыс үшін ақы заңды түрде бекітіледі дейді.

Димитрис Куцумбас, Грекия коммунистік партиясының жетекшісі:

– Аптасына 5 күн 7 сағаттық жұмыс уақыты – бұл нағыз прогрессивті саясат. Біз жұмысшылардың құқығын аяққа таптайтын алдыңғы заңдардың бәрінен бас тартуымыз керек. Себебі елдегі 2 экономикалық дағдарыстан кейін адамдарға түскен ауыртпалықты жеңілдету қажет.

Хабар 24 телеарнасы