АҚШ-та мұнай ұңғымасына найзағай түсті

АҚШ-тағы Оклахома штатындағы мұнай ұңғымасына жай түсіп, соңы өртке ұласты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бейнежазбаны жергілікті әлеуметтік желі қолданушылары жариялаған. Куәгерлердің айтуынша, оқыс оқиға орнына төтенше жағдай қызметкерлері мен өрт сөндірушілер жылдам келе қоймаған. Қап-қара түтін бірнеше шақырым жерге жеткен. Елдің батысындағы Иллинойс штатында найзағай ойнап, нөсер жаңбыр құйып жатыр. Үлкен су көшелер мен жолдарды шайып кетті. АҚШ-тың Ұлттық ауа райы қызметі жай түсуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды сыртта сақ болуға шақырған.