425,78 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ICAO Минск көгіндегі оқиғаны тексеретін болды

  • 91
  • UPD: 14:11, 28.05.2021

Азаматтық авиация жөніндегі халықаралық ұйым Минск кеңістігінде  Ryanair ұшағын тоқтатып, журналист Роман Протасевичті ұстау оқиғасын тергейтін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Рейтерс агенттгігі хабарлады. Халықаралық ұйымның шешіміне кей елдер қолдауын білдірді. Бірақ Ресей мен Қытай шараға қатысудан бас тартқан. Тергеудің алғашқы қорытындылары маусымның 25-інде жариялануы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Минск көгінде болған оқиғаны БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне кіретін АҚШ, Ирландия, Ұлыбритания, Норвегия, Франция елдері талап еткен. Оған Германия мен Бельгия қосылған.

Хабар 24 телеарнасы