АҚШ билігі Ресейге ашық аспан туралы келісімшартқа оралмайтынын хабарлады

Ақ үй мұндай шешімді Джо Байден әкімшілігі арнайы тексеріс жүргізгеннен кейін қабылдаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді әзірге Ресей мен АҚШ арасында қару-жараққа бақылау жасау келісімі ғана күшінде болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қараша айында ресми Вашингтон аталған келісімшарттан шыққан болатын. Экс-президент Дональд Трамп ресми Мәскеу ережелерді бірнеше рет бұзды деп наразылық танытқан. Кейін Ресей де келісімнен шықты. Бірақ Кремль мамырда қайта қосылатынын мәлімдеді. Ашық аспан туралы келісімшартқа 1992 жылы 35 мемлекет қол қойған. Бұл құжат әскери белсенділікті қадағалап отыру үшін мүше елдерге бір-бірінің әуе кеңістігін ұшақпен бақылауға мүмкіндік береді.