АҚШ-та екпе салдырғандар арасында қомақты ұтыс ойнатылады

АҚШ-тың Калифорния штаты вакцина салдырған тұрғындарға жүлде қоры 116 миллион доллар тұратын сыйақы тағайындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Билік осылайша халықтың белсенділігін арттырғысы келіп отыр. Ұтыс ойыны 15 маусымда басталады. Бағы жанып, жүлдеген іліккен 10 адам 1 жарым миллион доллардан алады. Сондай-ақ 30 тұрғын 50 мың долларға ие болуы мүмкін. Қалған тұрғындарға 50 доллардан берілмек. Аймақ басшысының айтуынша, штатта 12 миллион адам әлі екпе салдырмаған.

Гэвин Ньюсом, Калифорния штатының губернаторы:

– Ұтыс ойынына 12 жастан асқан тұрғындар қатыса алады. Аталған жүлдені сіздер вакцина алсын деп бекіттік. Бірінші кезекте, бұл өзіңіз үшін пайдалы. Денсаулығыңызды қорғайсыз. Одан кейін өзгелердің де қамын ойлайсыз.

Америкалықтар тағы бір жақсы мәлімет таратты. Ғалымдар коронавируспен ауырғандарда өмір бойы қорғайтын иммунитет қалыптасуы мүмкін екенін сүйіншілеп отыр. Мамандар 2 жылдай бұрын қолға алынған зерттеуді соңғы кездері вируспен байланыстыра жүргізген. Бірақ кейбір сарапшылар мұндай тұжырымдарға сақтықпен қараған дұрыс және зерттеулер бұдан да терең әрі жан-жақты жүргізілуі тиіс деп есептейді. Себебі әлемде ковидпен қайта ауырып жатқан жағдайлар да жиі кездеседі.

Сондай-ақ...