Ұжымдық иммунитет күзге дейін қалыптаса ма

«Спутник V» вакцинасын салдырған адамдарда коронавирустың орта және ауыр түрімен ауру қауіпі 14 есе аз болады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар вирусты таратпайды, яғни қоршаған ортаға еш қауіп төндірмейді. Вакцинаны шығарған Гамалея орталығының өкілдері «Оргздрав» халықаралық конференциясы кезінде осылай деп мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, қазір Ресейде халықтың 10 проценті толықтай егілген. Ал вакцинаның 1-дозасын 17 миллион тұрғын алған. Бұған дейін билік жұқпалы кеселге қарсы ұжымдық иммунитет биыл күзде қалыптасады деп мәлімдеген еді. Бұл үшін халықтың 60 проценті вакциналануы тиіс. Бірақ сарапшылар науқан баяу жүріп жатқандықтан осы мезгілге дейін қол жеткізу мүмкін емес шығар деп отыр.

Владимир Чехонин, РҒА вице-президенті:

- Егер вакциналау қарқынын өзге мемлекеттермен салыстырсақ, елде күзге дейін ұжымдық иммунитетке қол жеткізу мүмкін емес деп ойлаймын. Бұл межеге біз тек жыл соңына таман жете алатын шығармыз. Мүмкін келесі жылдың басында болар. Бұл ақпараттық дайындықтың жеткілікті дәрежеде болмауынан деп ойлаймын.

Сондай-ақ...