Испанияда жүзден астам колумбиялықты өлтірген адам ұсталды

Испанияның ұлттық полициясы Мадридте өз елінде жүзден астам адамды өлтіргені үшін іздеуде жүрген колумбиялықты қолға түсірді.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Ұсталған азамат Колумбиядағы «Кордильера» қылмыстық ұйымының басшысы болып саналады. Ал бұл ұйым Оңтүстік Америка, Панама, АҚШ, Мексика және Кабо-Вердеде есірткі саудасымен айналысады.  

Колумбия қаскөйге кісі өлтіргені және қару сақтағаны үшін екі рет іздеу жариялаған. Құрбан болғандардың арасында оның енесі де бар.

Ер адам Испанияға 2015 жылы келген. Ондағы мақсаты – Испания, Бельгия және Францияда есірткі сату нүктелерін көбейту.