425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әлем елдерінде туризмнің жай-күйі қалай

  • 95
  • UPD: 21:58, 28.05.2021

Коронавирустың беті қайта бастаған секілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өйткені туризм саласына қан жүгіре бастады. Еуроодақ тұрғындары шілдеден бастап ел аралауға шыға алады. Бастысы саяхатшы Еуроодақта мақұлданған вакцина салдырған болуы керек.

Ал ковид төлқұжаты бар тұрғындарға 1 шілдеден бастап ПТР-тест тапсырмай-ақ жүріп-тұруға рұқсат берілді.

Сарапшылар туризм жанданса, жақын арада әуе билеттері қымбаттауы мүмкін деп болжап отыр.

Туризм саласын жандандыру үшін жасыл сертификат мақұлданды

Кәрі құрлық елдері өз шекарасын шілде айынан бастап ашпақ ниетте. Жуырда Брюсселде өткен саммитте Еуроодақ мемлекеттерінің басшылары вакцинация жөнінде «жасыл сертификатты» заң жүзінде мақұлдады. Басқаша оны «цифрлық ковид сертификаты» немесе «вакцина төлқұжаты» деп те атайды. Оған коронавирусқа қарсы екпе қабылдағандар ғана ие. Осылайша, ковидке қарсы егілген турист шілденің 1-інен бастап Еуропа аймағы бойынша емін-еркін саяхаттай алады. Алайда салдырған вакцина Еуропада және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында сертификатталған болуы шарт. Бүгінде бұл тізімге Pfizer-BioNTech, Moderna, Johnson & Johnson мен AstraZeneca препараттары ғана кіреді.

Шарль Мишель, Еуропа кеңесінің басшысы:

– Вакцинация бағдарламасы бойынша айтарлықтай жетістіктерге жетіп отырмыз. Сонда да арқаны кеңге салмай барынша сақ болуымыз керек. Сондықтан әріптестерімізбен бірге «жасыл сертификат» бойынша бір келісімге келіп отырмыз. Енді Еуроодақ аймағы бойынша халықтың қозғалысын реттеп, туризм саласын бір ізге қоя аламыз.

Бүгін Грекия билігі цифрлық туристік сертификатты Еуроодақ белгілеген мерзімге дейін енгізе беретінін хабарлады. Осылайша, гректер аймақта туризм саласын барынша тез жандандырып елден бұрын өз экономикасын қалпына келтіруді көздеп отыр.

Кириакос Мицотакис Греция премьер-министрі :

– Еуроодақтағы Цифрлық сертификат халықтың тез әрі еш кедергісіз қозғалысына оң ықпалын тигізеді. Адамдардың саяхаттауына да жол ашады. Әсіресе жаз айларында бұл өте қажет. Туризмді дамыту үшін бұл маңызды шешім.

Испания туристерді қабылдауға дайын

Ал Испания билігі болса, аймаққа Еуроодақ тұрғындарын ғана емес, өзге елден келген саяхатшыларды да құшақ жая қарсы алуға дайын. Маусымның 7-сінен бастап Корольдік вакцина қабылдаған кез келген саяхатшыны елге кіргізе бермек. Ал осы аптадан бастап 10 елдің тұрғындары ПТР-тесттің нәтижесінсіз Испанияға демалу үшін келген. Олардың ішінде Америка, Британия, Жапония, Израиль, Жаңа Зеландия мен Австралия азаматтары бар.

Блиц:

– Жаңа ғана Лондоннан келдім. Өте қуаныштымын. ПТР-тестті тапсырмауға болатыны керемет. Әйтпесе, оған 100 фунт стерлинг төлеуіме тура келер еді.

– Кей шектеулердің алынғаны қауантатын жайт. Біртіндеп бұрынғы өмірімізге орала бастаған сияқтымыз.

Айта кетейік, Испанияға келген туриттердің саны өткен жылы 80 процентке қысқарды. Пандемияға дейін бұл ел саяхатшылар ең көп келетін елдердің қатарында еді. Биыл жергілікті билік 45 млн шетелдік мейманды қарсы аламыз деп жоспарлап отыр. 

Ұлыбританияда туризм саласына қаржы бөлінді

Ұлыбритания билігі болса аймақтағы ішкі туризмді жандандыру үшін қазынадан 8,5 млрд доллар қаржы бөлмек. Мәселен статистика бойынша Біріккен корольдікке былтыр келген туристердің саны 73 процентке кеміген. Осылайша, ел экономикасы 2019 жылы 25 млрд долларға, ал 2020 жылы 9 млрд доллардан қағылған екен. Мамандар саланы қайта жаңғырту үшін мемлекеттің шығындануына тура келеді деп отыр.

Трейси Холливелл, туризм саласының қызметкері:

Пандемияның туризм саласына тигізген зардабы орасан. Лондонда әр жетінші жұмыс орны туризм индустриясымен байланысты. Сондықтан қызмет көрсету саласын жаңғырту керек. Меймандарды қызықтыратын орындарды инвестициялағанымыз жөн.

Португалияда Чемпиондар Лигасының финалына жанкүйерлер жиналды

Ал ертең Португалияда чемпиондар лигасының финалы өтпек. Осыған орай жергілікті билік аймаққа келетін туристердің саны артады деп үміттенеді. Қазірдің өзінде Порту қаласына мыңдаған жанкүйер келген. Шаһардағы кәсіпкерлер бұған дән риза. Аймақтағы барлық қонақүйлер мейманға толды. Естеріңізде болса, өткен аптада Португалия Еуроодақ елдеріне, Шенген аумағы мен Ұлыбританияға шекарасын ашқан болатын.

Автор: Арайлық Жақсылыққызы

Хабар 24 телеарнасы