425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Коронавирусқа қарсы екпе салу міндеттеле ме

  • 134
  • UPD: 20:35, 28.05.2021
Коронавирусқа қарсы екпе салу міндеттеле ме

Ковидке қарсы екпе салуды міндеттеу керек пе? Ресейде мамандар осы мәселені қызу талқылап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған дейін Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев вакциналауды міндеттеу қарастырылып жатқанын мәлімдеген еді. Тіпті ресейлік өңірлердің бірі осы шараны енгізуге тырысқан. Саха республикасында ауру жұқтыру жағдай көбейіп, вакциналау қарқыны төмендегендіктен, жергілікті билік компанияларға өз қызметкерлерін жаппай вакциналауды бұйырды. Бұл жарлықты орындамағандарға айыппұл салынатын болды. Алайда кейінірек Саха үкіметі екпе салуға мәжбүрлемейтінін мәлімдеді. Ресей президенті Владимир Путин «елде вакциналауды міндеттеудің қажеті жоқ» деген пікір білдірген. Заң бойынша екпе салдыруға мәжбүрлеуге болмайды, алайда пандемия кезінде кейбір мамандық иелері екпе салдыруы тиіс.

Гузель Улумбекова, Денсаулық сақтау жүйесін ұйымдастыру және басқару бойынша жоғары мектеп басшысы:

– Екпе салудың ұлттық тізбесінде халықтың белгілі бір топтарына міндетті вакциналар бар. Мәселен медицина мен білім беру салаларының қызметкерлері қызылша, тұмауға және вирустық гепатитке қарсы екпе салдыруы тиіс. Ковидке қарсы вакцина да сондай болуы керек деп санаймын. Өйткені бұл қоғамдық қауіпсіздікке қатысы бар мәселе.

Хабар 24 телеарнасы