Францияда полицейлерге шабуылдаған ер адам өзі де мерт болды

Францияда әлдекім полицейді пышақтап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаскөй жараланған тәртіп сақшысының тапаншасын алып, оқиға орнынан ізін суытқан. Оқыс оқиғаға байланысты жергілікті полицейлер шұғыл әрекет етіп, қаскүнемді іздеу шараларын бастайды. Ол үшін 200-ден астам жандарм мен екі тікұшақ тартылған. Көп ұзамай қылмыскердің қайда екені анықталып, оны ұстамақ болғанда, ол қарсылық танытып оқ атқан. Соның салдарынан тағы екі полицей жарақат алды. Ал шабуылдаушының өзі мерт болған. Қазір қаскөйдің әрекетіне не себеп болғаны анықталып жатыр.