Италия теңізге турист толы лайнерді жіберді

Пандемияға байланысты енгізілген шектеу шараларының жеңілдеуіне байланысты круиздік лайнерлер қайтадан Жерорта теңізіне сапарға шыға бастады.

Бірақ саяхатқа шыққан жолаушылар қатары қазір аз. Казино, бар мен бассейн жанын жағалап жүрген қалың жұртты көрмейсің. Өйткені індет жағдайындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін кеме іші 50 процент ғана толық болуы керек. Бұған қоса Неаполь, Мессину мен Кальяриге шығу мүмкіндігі тек Италия азаматтарына берілген. Шетелдіктерге әзірге рұқсат жоқ.