Версаль сарайы вакциналау орталығына айналды

Әлемге әйгілі Версаль сарайында коронавирус инфекциясына қарсы вакциналау орталығы ашылды.

Жоспар бойынша 5 күнде бас-аяғы 5 мың адамға екпе егу көзделген.

Айта кетейін, бүгінге дейін Францияда 24 миллионнан астам азамат коронавирусқа қарсы дәрінің алғашқы дозасын алып үлгерген. 11 миллион кісі препараттың екі данасын да қабылдапты. Негізі Франция үкіметі қазір халықты вакциналау қарқынын мейлінше үдетуге тырысып жатыр. Сондықтан 31 мамырдан бастап жасы 18-ден асқан кез келген азаматқа вакцина салдыру мүмкіндігі берілмек.

Сондай-ақ...