427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадада бұрынғы мектеп аумағынан 215 баланың мәйіті табылды

  • 199
  • UPD: 14:06, 29.05.2021

Канадада бұрынғы мектеп-интернаттың аумағында көмілген 215 баланың мәйіті табылды.

Жергілікті ақпарат құралдары олардың арасында тіпті 3 жасар бүлдіршіндердің денелері барын хабарлайды.

Бұл сұмдық оқиға Камлупс қаласында болған. Мұндағы интернатта 1890-1969 жылдар аралығында үндістердің балалары білім алған. Алайда тиісті мекемелер жөнді қаржыландырылмаса керек. Салдарынан оқушылар дұрыс тамақтанбай, аштық пен түрлі инфекциядан көз жұмған. Оларды ұрып соғу деректері де жиі кездесетін. Соның кесірінен 3 мыңнан астам бала қайтыс болған екен. Үндістер қауымы өкілдері кей жағдайда кәмелетке толмағандардың өлімі құжатта көрсетілмей қалғанын айтады.

Хабар 24 телеарнасы