425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Колумбияның ірі қалаларына әскери жасақ жіберіледі

  • 90
  • UPD: 13:44, 29.05.2021
Колумбияның ірі қалаларына әскери жасақ жіберіледі

Колумбияның ірі қалаларына қосымша әскерилер тобы жіберілетін болды. Өйткені мұнда тәртіпсіздіктердің басылатын түрі жоқ.

Елде сәуірдің аяғынан бері салық реформасы мен полицейлердің озбырлығына қарсы наразылық акциялары өтіп жатыр. Көп жағдайда олардың соңы тәртіпсіздіктерге ұласуда. Жаппай ереуілдерге байланысты қаржы министрі отставкаға кетті. Ал үкімет салық реформасына бірқатар өзгеріс енгізуге келіскен. Десе де, наразылық акциялары басылар емес. Кейінгі бір ай ішінде тәртіпсіздіктер кезінде 40-тан аса адам көз жұмып, 2 мыңы жарақат алған. Ереуілге радикалды топтардың өкілдері де қосылып жатыр.

Биліктің хабарлауынша, олар Колумбиядағы жағдайды тұрақсыздандыру үшін полицейлерге шабуыл жасап, түрлі ғимараттар мен нысандарды қасақана бүлдіріп жатқан көрінеді. Мәселен, кейбір өңірлерде наразылық акциясының қатысушылары жолдарды жауып тастап, соның салдарынан жанармай тапшылығы туындады.         

Кристиан Карденас, ереуілге қатысушы:

- Біз әділетсіздіктен шаршадық. Бәріне билік басында отырған жемқорлар кінәлі. Солардың кесірінен ауқаттылардың дәулеті артып, қарапайым халықтың тұрмысы нашарлап барады. Біз үкіметтен тегін ештеңе сұрап отырған жоқпыз. Тек байлар мен кедейлер арасындағы теңсіздік жойылса екен дейміз.

Хабар 24 телеарнасы