Конгода жанартаудан жапа шеккен тұрғындар халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады

Мұнда өткен аптада жанартау атқылап, 32 адам көз жұмды.

Жүзден астамы әлі табылмай жатыр. 5 мың тұрғын көршілес Руандаға өтіп кеткен. Тағы мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшіріліп, балалар, әйелдер және қарттар мектептер мен мешіттерге жайғастырылды. Көбі азық-түлік жетпей жатқанын айтады. Кейбірінің тамақ ішпегеніне бір апта болған. Адамның көптігіне байланысты мамандар тырысқақ ауруының таралу қаупі барын айтады. Ал мамандар жанартау тағы атқылауы мүмкін екенін ескертеді. Сондықтан 400 мыңнан аса адамға бұл аймақтан кетуді ескертті.

жергілікті тұрғын:

– Біз үйімізге қашан қайта ораламыз? Бұл қаншалықты қауіпсіз? Осыны білуіміз керек. Мына жерде қиын жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Орын жоқ. Азық-түліктің бағасы қымбат. Түн ортасында үй-жайымызды тастап кетуге мәжбүр болдық. Сондықтан өзімізбен бірге керек-жарақтыны ала алмадық. Бізге көмек керек.

Сондай-ақ...