Бразилияда баспанасыздарға екпе салу науқаны басталды

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында үй-күйсіз жүргендерге де екпе салына бастады.

Қазір Бразилия бойынша вакциналау науқаны қызу жүріп жатқан өңірдің бірі – осы шаһар. Мұнда 6 миллион 700 мың тұрғынның 45 проценті препараттың кемінде бір дозасын қабылдаған. Тақауда Испания астанасы Мадридте де үй-күйсіз жүргендерді егу науқаны басталған. Белсенділер әуелден-ақ мұндай топты осал топқа жатқызу керектігін айтып келеді. Өйткені олардың бетперде секілді қорғаныш құралдарын алуға да шамасы жетпейді.

Сондай-ақ...