Кореяда пластикалық бөтелкелер өңделіп, одан киім тігіледі

Пластиктің екінші тынысы. Оңтүстік Корея қалдық заттардың өзінен жаңа өнім алуды жолға қойған ел, деп хабарлайды «Хабар 24».

Канвон провинциясындағы Хвенсон аймағы былтыр пластикті қайта өңдей бастағаннан соң тұтас Кореяға танылды. Мөлдір бөтелкеден кореялық технологияны қолдана отырып, жергілікті зауыттардың бірінде жоғары сапалы талшық шығарылады. Ол киім тігу үшін қажет шикізат. Қалдықты зауытқа жергілікті тұрғындар әкеледі. 3800 адам бөтелкелерді күн сайын көп қабатты және жеке үйлерде жинайды. Келесі кезеңде бөтелкелерден заттаңбасы алынады, содан кейін ғана пластик зауытқа жеткізіледі.

Чан Син Чан, Хвенсон уезінің басшысы:

– Үкіметтің қаулысына сәйкес өткен жылдың 25 желтоқсаннан бастап көп пәтерлі үйлерде мөлдір пластик бөлек жиналады. Биыл жеке үйлер тұрғындары да осы ережені сақтауы керек.

Осы Кореядағы әйгілі брендтің дүкендерінің бірінде пластиктен жасалған киім сатылады. Сатып алушылар бөтелкені жіпке айналдырудың алғашқы кезенін көре алады.

Осындай киімді жасауға тек ауыз суға арналған мөлдір пластикалық бөтелкелер ғана жарамды. Мысалы мына киімге 32 бөтелке кеткен екен.

Бірақ пластик қалдықтарының жартысын ғана қайта өңдеуге болады. Бұдан бөлек коронавирус кезеңінде мұндай қоқыс 15 процентке өсті. Оған тағамдарды үйге жеткізу тапсырыстарын 75 процент өсуі себеп болды.

Хон Су Ель, Ресурстарды өңдеу жөніндегі зерттеу орталығының директоры:

– Пластик бөтелкелерді өңдеу және талшықты жасау кезінде тұтқырлық маңызды. Ол жоғары және біртекті болуы керек, сонда жіп тартылған кезде үзілмейді. Қайта өңделген пластикалық бөтелкенің тұтқырлықтың көрсеткіші 2,8, бірақ ол қайта өңдеген сайын төмендейді. Бұл қайталама шикізат неғұрлым көп болса, соғұрлым сапа нашарлайды дегенді білдіреді. Егер қайталама шикізатты қолдану көбейсе, онда пластикті қайта өңдеу кезінде кедергілер болады.

Қалдықтарды азайту үшін жергілікті компаниялар жаңа технологияларды ойлап табуда. Олар пластикті басқа материалдармен араластырады, сондықтан пластикалық қаптамалар іс жүзінде металл мен әйнекке ұқсайды.

Чо Ен Джин, компания менеджері:

– Мақсатымыз – қайта өңделген пластикты қолданылуын 10 процентке дейін азайту. Қазір өнімімізді 70 проценті қайта өңделген пластиктен, ал 30 проценті таза пластиктен жасалынады.

Кореяда қоқысты 26 жылдан бері сұрыптап келеді. Елдегі қалдықтардың 65 проценті ғана қайта өңделеді. Хвенсон уезіндегі пластик өңдеушір бұл көрсеткішті арттыруға ниетті. Мұнда пластик қақпақтар және ыдыс-аяқтардағы затбелгілерден кірқыстырғыш, ас үй ыдыстарын, кітаптарға арналған бетбелгілер мен кәдесыйлар шығаруды жоспарлады.

Авторлар: Владислав Цой, Ольга Лян