Брюссельде мыңға жуық адам наразылық акциясына шықты

Брюссель саябақтарының бірінде мыңға жуық адам наразылық акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған тек Бельгия халқы ғана емес, сондай-ақ Нидерланд және Германиядан келген азаматтар да қатысты. Ойлары ортақ, шешімдері ұқсас жандарды не толғандырғаны белгілі. Олар коронавирусқа қарсы шектеу шаралары мен вакциналау науқанына қарсылық білдіруде. Қатысушылар әдейі маска тақпай келіп, Брюссельдің Еуропалық ауданына дейін жүріп өткен. Бірақ полицейлер оларды Еуропарламент алдындағы алаңға өткізбей қойды. Құқығымыз тапталды деп күйінген ел тәртіп сақшыларына тас лақтырған. Ал Полиция өз кезегінде ереуілге шыққандарға көз жасаурататын газ қолданды.  

БЛИЦ:

– Шектеу шаралары адам құқықтарын бұзады. Сондықтан Еуропаның 160 мың тұрғыны петицияға қол қойды. Біз енді тиісті құжатты Еуропарламентке жібереміз

Мен Еуропарламенттің вакциналау төлқұжатын жасап шығару идеясын құптамаймын. Сондықтан наразылығымды білдіру үшін осында келіп отырмын.