Индонезияда 200 адам мінген паром өртенді

Индонезия жағалауында жолаушылар паромы өртенді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиға су көлігі жолға шыққаннан кейін 15 минуттан соң болған. Кемеде 200-ге жуық адам отырыпты. Арасында балалар да бар. Қаза тапқандар жайлы ақпарат жоқ. Бірақ бір адам ізім-ғайым жоғалып кеткен. Өрт шыққан сәтте жолаушылар арасында дүрбелең туындаған. Қорқып қалғандар құтқарушылар келмес бұрын суға секірген. Апатқа ұшырағандарға жақын маңдағы балықшылар көмектесіпті. Өрттің неден шыққаны әзірге белгісіз.