Әйелге қарағанда ер адам үшін вакцинаның тиімділігі жоғары – Ғалымдар

Әйелдерге қарағанда ерлер арасында коронавирусқа қарсы вакцинаның тиімділігі жоғары болады. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мамандары осылай деп отыр.

Олар 4 ай бойы зерттеу жүргізген. Бұл уақыт аралығында екпе қабылдаған 10 мыңнан аса американдық коронавирус жұқтырған екен. Солардың 63 проценті әйелдер болған. Ғалымдар «бұл айырмашылық гормондарға байланысы болуы мүмкін» деп топшылайды.