Индонезия мемқызметшілерді Бали аралына аттандырады

Индонезия билігі мемлекеттік қызметкерлердің төрттен бірін қашықтан жұмыс істеу үшін Балиге жібереді.

Бастаманың мақсаты туризмге тәуелді аралдың экономикасына қолдау көрсету. Өйткені пандемия салдарынан шекаралар жабылып, Балидің жалпы ішкі өнімі төмендеп келеді. Аралға 8 мемлекеттік органның 8 мың қызметкерін жіберу жоспарланып отыр. Сонда жергілікті қонақ үйлерге сұраныс артып, мейрамханаларға келушілер саны көбеюі тиіс.