Британдық дәрігерлер екпе салдыруға міндетті болуы мүмкін

Ұлыбританияда медицина қызметкерлері коронавирусқа қарсы екпе салуға міндетті болуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл сұрақ ел үкіметінің күн тәртібінде тұр деді Корольдіктің вакциналау сұрақтары жөніндегі министрі. Осылайша, жергілікті билік ауруханаларда вирустың таралуына жол бермеуді көздеп отыр. Айта кеткен жөн, 68 миллионға жуық тұрғыны бар Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы вакцинаның қос компонентін де 25 миллион адам салдырған. Ал бұған дейін Францияның ұлттық медицина академиясы вирус жұқтыру қаупі жоғары кейбір мамандық иесін екпе егуге міндеттеу керек деп бастама көтергенін айта кетейік.