Грузия 1 маусымнан бастап құрлықтағы шекарасын ашады

Ол былтыр наурызда жабылған еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сөйтіп мұнда Ресей, Армения, Түркия мен Әзербайжан арқылы жетуге болады. Алайда Ресей шекарасын әлі ашқан жоқ. Әзірге жер-үсті көлігі арқылы мұнда тек дипломатиялық қызметкерлер мен шипажайда емделуі тиіс азаматтар ғана жете алады. Сырттан келгендер вакциналау төлқұжатын не ПТР-тесттің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті. Сондай-ақ билік өзімен бірге медициналық сақтандыру полисін алып жүруге кеңес береді.   

Натия Турнава, Грузияның экономика және тұрақты даму министрі:

– Грузия – қауіпсіз мемлекет. Бізде осал топтарды вакциналау қарқынды жүріп жатыр. Сондықтан шетелдік туристерді асыға күтеміз. Өйткені бұл біздің экономикалық ахуалымызға да жақсы әсер етеді.