Германияда вакцина жөнінде жалған төлқұжат жасағандар үшін жаза қатаң

Оны саудалағандар үшін де, сатып алғандар үшін де айыппұл салынып, кей кездерде бас бостандықтан айырылу жазасы да қарастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бундесрат федералды кеңесі инфекциядан қорғау жөніндегі заң жобасына бірнеше өзгертулер еңгізді. Оған сәйкес жалған вакцина төлқұжатын жасағандар екі жылға дейін, ал оны қолданғандар бір жылға дейін қамалуы мүмкін. Белгілі болғандай, заң бұзушылар адамның суретін әлеуметтік желілерден алады екен. Қейін оны шамамен 100 еуроға сатып алуға болады. Енді жергілікті билік пен тәртіп сақшылары карантиндік шектеу шараларының жеңілдетілуіне орай мұндай төлқұжаттарға деген сұраныс арта түсуі мүмкін деп дабыл қағады.

Александр Краусс, Бундестаг депутаты:

– Германияда вакциналаудың электрондық төлқұжатын енгізу өте орынды. Оны телефон арқылы көрсететіндей етіп жасау тіпті тиімді болар еді. Себебі елде 5 егде адамның төртеуінде смартфон бар. Ал төлқұжаттың қағаз нұсқасы тек ерекше жағдайларда талап етілуі керек. Мұндай цифрлық құжат кейін Еуроодақтың барлық аймағында қолданылуы тиіс. Бұл соңғы уақытта көп талқыланып жатқан мәселе.

Сондай-ақ...