Жаңа Зеландияда су тасқынынан жүздеген адам эвакуацияланды

Өзендегі су деңгейі көтеріліп, үш көпір құлаған.

Билік мектептер мен кеңселерді, тіпті жолды жабуға мәжбүр болды.

Кентербериде (Жаңа Зеландия) су тасқынына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жүздеген адам тікұшақпен эвакуацияланды. Бұл туралы Sky News хабарлайды.

Қазір өңірде соңғы жүз жылда болмаған нөсер жауын жауып жатыр.

Салдарынан су деңгейі көтеріліп, көпірлер құлаған.