426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Кореяда алғашқы жасыл технологиялар арқылы жаңартылған нысан ашылды

  • 115
  • UPD: 15:58, 31.05.2021

Бұл – Седжон қаласындағы клиника. 2002 жылы салынған ғимаратта энергия тиімділігі артып, шаң деңгейі 75 процентке төмендеткен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта оқшаулағыш материалдары ауыстырылып, инфрақызыл сәулелерден қорғайтын терезелер салынып, жылыту мен желдету жүйелері орнатылды. Жоба аясында жыл ішінде 9 жарым мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Ескі қоғамдық ғимараттарды жаңарту Кореяға парниктік газдар шығарындыларын 100 мың тоннадан астамға азайтуға көмектеседі.

Ким Хын Джин, Корея республикасының жер, инфрақұрылым және көлік вице-министрі:

– Ғимараттарды жаңарту елдегі жасыл саясаты шеңберінде жүруде. Ол коронавирус кезеңінде басталып, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Хабар 24 телеарнасы