Қытай билігі үшінші бала тууға рұқсат берді

Қытай билігі үшінші бала тууға рұқсат берді. Мұндай шешім Коммунистік партияның Орталық комитет Саяси бюросының президент Си Цзиньпин төрағалық еткен отырысында қабылданған.

Бұл туралы жергілікті «Синьхуа» ақпарат агенттігі хабарлады. Әзірге аталаған шешімнің нақты қашан күшіне енетіні белгісіз. Қазір Қытайда жасы 60-тан асқан 200 миллионға жуық тұрғын бар.

Сарапшылардың болжауынша, 2050 жылға қарай қариялар қатары халықтың 35 процентін құрамақ. 1970 жылдардан бері бұл елде «Бір отбасы - бір бала» саясаты жүргізіліп, тек 2016 жылы 2 бала тууға рұқсат берілген.

Сондай-ақ...