427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейдегі ғалымдар өздігінен тазаратын мата ойлап тапты

  • 100
  • UPD: 10:58, 01.06.2021

Ресей ғалымдары өзін өзі тазартатын мата ойлап тапты. Жаңа технология металдардан тұратын нанобөлшектерден жасалған арнайы қаптамаға негізделген.

Мата күн сәулесі немесе жаңбыр тигенде өздігінен тазарып тұрады. Бұл жаңалықтың тағы бір ерекшелігі мата сәуленің түсу бағытына қарай түсін өзгерте алады. Аталған матаны спорттық киім, дастархан өндіру, сондай-ақ көлік салондарын қаптау кезінде қолдануға да болады. 

Наталья Дащенко, химик:

- Өзін өзі тазартуда титанның нано көлеміндей диоксидтің маңызы ерекше. Нақты осы бөлшекке тән қасиет керек. Яғни ультракүлгін сәулелер түскен кезде органикалық кір жойылады. Бұл осы процестің негізгі өзегі.

Хабар 24 телеарнасы