Иранда байытылған уран қорының көп мөлшері табылды

Иранда көп мөлшерде байытылған уран қоры табылды. Оның көлемі 2015 жылғы атом келісім-шартында қарастырылған межеден 16 есе көп.

Бұл туралы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік /МАГАТЭ/ мәлімдеді.

Халықаралық ұйымның хабарлауынша, қазір оның көлемі 3241 келіге жетеді. Ресми Тегеран Иранда мұншалықты көп байытылған уран қайдан пайда болғанын әлі түсінідіре қоймаған. Және ұйымға өзінің атом нысандары туралы толық ақпарат бермеген. Осыған байланысты ұйым басшысы Рафаэль Гросси бұл Иранмен Венада бір айдан бері жүргізіліп жатқан келіссөзге нұқсан келтіруі мүмкін дейді.

Сондай-ақ...