427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда ковид жұқтыру дерегі азайды

  • 84
  • UPD: 13:42, 01.06.2021

Әлемде коронаиврус жұқтырғандардың жалпы саны 170 млн асты. Қауіпті дерттен күні бүгінге дейін 3,5 млн адам көз жұмған.

Десе де, кей елдердегі эпидахуал оңала бастады. Мәселен, Түркияда бүгіннен бастап карантин талаптары жеңілдетілді. Қоғамдық тамақтану орындары қайта ашылып, спорттық кешендер іске қосылды. Тұрғындарға жаздың бірінші күнінен бастап той-томалақ өткізуіне рұқсат берілді. Бұдан бөлек 1 маусымнан бастауыш сынып оқушылары, ал 7 маусымнан бастап  орта және арнайы білім беру орындары дәстүрлі оқуға көшпек. 

Реджеп Тайип Ердоған, Түркия Президенті:

- Мейрамханалар мен қоғамдық тамақтану орындары таңғы 07:00-ден кешкі 21:00-ға, курьерлік қызмет 24:00-ге дейін белгіленген ережеге сәйкес қызмет көрсетеді. Коменданттық сағат режимінде тек ғана курьерлік қызмет түрі жұмыс жасайды. Бір жарым айдан бері жабық тұрған кофеханалар, шай бақшалары, спорт залдары, ойын-сауық орталықтары жексенбіден басқа күндері таңғы 07:00-ден кешкі 21:00-ге дейін жұмыс істейді.

Германияда коронавируске шалдыққан жаңа науқастардың саны күн өткен сайын азайып барады. Сарапшылар аймақтағы эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына халықтың карантин талаптарын бұлжытпай орындауы себеп дейді. Қазірдің өзінде вакцина қабылдағандардың өзі қоғамдық көлікке маскасыз отырмайды. Қоғамдық орындарға теріс ПТР-тест нәтижесі бар адамдар ғана кіре алады. Бүгінде Германияда коронавирусқа қарсы екпенің бірінші дозасын 35 млн жуық адам еккен екен. Жергілікті билік маусым айында вакцина қабылдағандардың қатары еселеп артады деп жоспарлап отыр. 

- Эпидемиологиялық ахуал Германияда ғана емес, жалпы Еуропа аймағы мен Қазақстанда да жақсарады деп үміттенеміз. Өзім коронаиврустың бірінші дозасын алдым. BionTech препаратын қабылдадым. Алайда Еуроодақта мақұлданған барлық 4 вакцинаны қолдаймын.

Хабар 24 телеарнасы