Флоридадағы клубқа шабуыл кезінде қылмыскерлер мінген көлік табылды

АҚШ-та Флорида штатының полициясы таяуда түнгі клубқа жасалған шабуыл кезінде қылмыскерлер мінген көлікті тапты.

Күдіктілер оны су арнасына батырып кеткен. Клубтағы концертке жиналғандарды атқылаған қаскөйлердің өзі әлі ұсталмаған.

Еске сала кетейік, Майами қаласының шетіндегі түнгі клубқа «Ниссан» көлігімен қарулы үш адам келіп, концертке жиналған адамдарды атқан еді. Салдарынан 2 кісі қаза тауып, 20 адам жарақат алған. Қаскөйлер полиция келгенше оқиға орынынан ізін суытып үлгірді. Қарулы шабуылдың себептері әлі белгісіз.