426,83 518.00 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грекия Түркиямен арадағы шекараны қоршап жатыр

  • 148
  • UPD: 14:32, 01.06.2021
Грекия Түркиямен арадағы шекараны қоршап жатыр

Грекия билігі заңсыз мигранттар нөпірін тоқтату үшін Түркиямен шектесетін шекараны қоршап жатыр. Бөгет электронды және дыбыстық құрылғылармен жабдықталған. 200 шақырымға созылған темір қоршауларда бейнекамералар мен қозғалысты анықтайтын датчиктер орнатылған. Тәртіп сақшылары шекараны құрышпен қапталған көлікпен және дрондармен бақылайды.

Димостенис Камаргиос,  кеден қызметінің басшысы:

- Біздің басты мақсатымыз заңсыз мигранттарды ел аумағына кіргізбеу. Ол үшін біз кедендік шекараны жаңа технологиялармен жабдықтадық. Заманауи құрылғылар арқылы заңсыз кірмелердің келуіне мүмкіндік бермейміз. Өйткені биік қошаулар мен бейнекамералар арқылы біздің бақылау мүмкіндігіміз арта түседі.

БҰҰ мәліметінше, 2000 жыл мен 2020 жыл аралығында әлемдегі мигранттардың қатары 80 процентке артқан. Еуроодақ елдері заманауи технологиялармен жабдықталған бөгеттерді Венгрия мен Латвия шекарасында да тәжірибеден өткізе бастады.    

Патрик Брейер, Еуропа парламентінің мүшесі:

- Шекарадағы қазіргі ахуал көңіл көншітпейді. Сондықтан бұл аймақ инновациялық технологияларды тәжірибеден өткізу үшін ең қолайлы полигон дер едім.  Әр мемлекет өз мүддесін ойлайды. Сондықтан Еуропа елдері шекарадағы қауіпсіздікті күшейте түспек.

Хабар 24 телеарнасы