Ресейде 4 жас пен 16 жас аралығындағы баланың сексен проценті интернет қолданады

Ресейде төрт пен алты жас аралығындағы балалардың 80%-і интернетті пайдаланады. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, олардың үштен бір бөлігі күн сайын 8 сағат бойы ғаламторға телміріп отырады. Мәскеу мемлекеттік университеті психология факультетінің мәліметінше, мектеп жасына жетпеген әрбір жетінші бала интернетте лайықсыз контентпен кездеседі.

Әлеуметтік желілерде Қазан қаласында мектепте 9 адамды атып өлтірген жігіттің жанкүйерлері пайда болды. Жасөспірім қыздар оған сүйіспеншілігін білдіріп, сотта түсірілген суреттері бар парақшалар ашатын болды. Осындай жантүршігерлік қылмыс неліктен осылай әсер еткен деп мамандардың да басы қатып отыр. 

Дмитрий Лян 16 миллион жазылушысы бар тиктокер. Оны негізгі көрермендері 16 жасқа толмаған жеткіншектер. Дмитрийдің пікірінше, мектепте қантөгіс жасаған Галявиевтің осындай атаққа ие болуына медиа құралдары және жасөспірімдердің әлеуметтік желіде өз атын шығаруға деген ниеті кінәлі.

Дмитрий Лян, тиктокер:

- Мұның бәрін бұқаралық ақпарат құралдары таратады. Сондықтан осыны көрген балалар бұл оқиғаның арқасында хайп ұстап, өз атын шығаруға болады деп ойлайды.

Әлеуметтік желілерде кісі өлтірушіге сүйіспеншілік білдіргені үшін жасөспрімідерге заң бойынша ешбір жаза қарастырылмаған. Осындай контент үшін жауапкершілікті провайдерлер мен интернет платформалар тартады. Ресейдің құқық жүйесінде зиянды контент деген ұғым жоқ. Мамандар болса оған балалардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін ақпаратты жатқызады. Бұл есірткі, зорлық-зомбылық, суицидті насихаттау және отбасылық құндылықтарды жоққа шығару. Ресей саясаткерлері мұның бәрін ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп санайды.

Инга Юмашева,  РФ Мемлекеттік Дума депутаты:

- Қауіпті контенті бар топтардың саны артып келеді. Бұл әрекетін әлдебіреулер қаржыландырады. Мұны тек Ресейде ғана, емес көршілеріміз Беларусь, Қазақстан Армения және ТМД-ның өзге елдерінде де байқап отырмыз. Соңғы алты айда құзырлы органдарға түскен арыздар бойынша зиянды контенті бар 200-ден аса топты жаптық. Оның арасында өзіне қол жұмсауға шақырған сайттар да бар.

Заң шығарушылар бұл мәселені мемлекеттік деңгейде шешуге тырысып жатқанда, психологтар балаларды осыдан қалай сақтап қалуға болатынына кеңес береді. 17 баланың анасы әрі  балалар психологиясының маманы Валентина Краснова интернетке дұрыс балама табу керек дейді.

Валентина Красникова, 17 баланың анасы:

- Баланың өмірі қызық болса және коньки, шаңғы секілді, өзін батырдай сезіп, жеңе алатын дүниелері болуы керек. Жасына қарай әр баланың өз қызуғышылығы бар, ата-аналары дер кезінде мұны ынталандырмаса, олар толығымен онлайнға кетеді. Өйткен онда олар шетінен қаһарман. Оффлайнде осындай сезімі болмағандықтан, интернетке құмар боп кетеді.

Жасөспірімдер нағыз өмірден айнып, әлеуметтік желілер мен компьютерлік ойындарға тәуелді болады. Олар атыс ойындарын шынайлықтан ажырата алмай, нәтижесінде араларынан кісі өлтірушілер шығады.

Евгений Фомин, психотерапевт:

- Әрине мұның бәрін бақылап, реттеу керек. Бір жағынан компьютерлік ойындар әрине ермек. Бірақ бұл бір-екі сағатпен тынбайды. Лудомания деп аталатын ойындарға құмары дамиды. 18 сағат бойы үздіксіз ойнауы мүмкін. Өмірінің басым бөлігі сонда өтеді.

Киберқауіпсіздікпен айналысатын компанияның мәліметінше, Ресейде әрбір үшінші жасөспірімге интернетте сес көрсеткен, ал мектеп жасына жетпеген әрбір жетінші бала зиянды контент көрген.

Авторлар: Дана Нұржан, Шахзод Гамиров