Еуроодақта жауынқұртты жеуге рұқсат берілді

Еуропалық Одақта жауынқұртты тағамға пайдалануға рұқсат етілді. Еурокомиссия бұл жәндіктен жасалған тамақ ақуыз, витамин және минералға бай болады дегенді айтады. Париж мейрамханасының бірінде одан түрлі тағам да тағайындалады. Ол үшін шылаушындар әдейі жеміс-жидек пен сұлы жармасы беріп өсіріледі. Содан кейін бірнеше ай бордақыланған жауынқұрттар салаттан бастап нан пісіруге дейін пайдаланылады.

 Лоран Вейет, бас аспазшы:

- Мына тағам жауынқұрт пен тәтті картоптан жасалған. Өте дәмді. Ол қуырылған көкөніске ұқсайды.

Сохил Аяри, тұрғын:

- Мен өзімді дәстүрлі мейрамханада астанып жатқандай сезінемін. Тек тағам түсінің өзгешелігі болмаса дәмі әдеттегі астан еш айырмашылығы жоқ. 

Еуроодақ тағамға жауынқұртты қосумен шектеліп қалмақ емес. Қазір ортақ аймақта қара және көк шегіртке сынды өзге де жәндіктерді пайдалануға рұқсат беруді қарастырып жатыр.