425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Малайзияда екінші мәрте локдаун енгізілді

  • 92
Малайзияда екінші мәрте локдаун енгізілді

Малайзияда коронавирустың таралуы күшейіп, локдаун енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Себебі елде күн сайын вирусты жұқтырғандар саны 8 мыңға жеткен. Бұл індет басталғалы елдегі екінші ірі карантин. Көшеде тұрғындарға жүгіруге рұқсат етілгенімен, велосипедпен серуендеуге тыйым салынған. Тәртіпті қадағалау үшін елде 800-ге жуық бақылау-тексеру бекеті ашылған. Малайзияда індет басталғалы дертке шалдыққандар саны 570 мыңнан асқан.

Хабар 24 телеарнасы