Еуроодаққа мүше 7 ел вакциналау құжатын бере бастады

Бүгін Болгария, Чехия, Дания, Германия, Грекия, Хорватия және Польша сертификаттарды тексеретін жалпы еуропалық шлюзге қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құжат пандемия кезінде одақ ішінде еркін қатынауды қайта жандандыруы тиіс. Сертификатта иесінің вакцина салдырғаны немесе ПТР-тест нәтижесі және аурудан жазылғаны туралы мәлімет тіркеледі. ПТР тесттердің жарамдылық мерзімі 72, ал антиденелерге жасалған тесттің мерзімі 48 сағатты құрайды. Сертификаттарды 1 шілдеден енгізу көзделіп отыр.  

Дидье Рейндерс, әділет жүйесі бойынша еурокомиссар:

– Вакциналаудан өткен ата-анасымен саяхаттап жүрген балаларды карантинге жібермеуді ұсындық. Сондай-ақ Еуроодақ елдеріне 6 жасқа толмаған балаларды тесттен өткізудің қажеті жоқ деп отырмыз.

Сондай-ақ...