Ауғанстан астанасында жарылыстардан 10 адам қаза тапты

Ауғанстан астанасында үш жарылыс болып, 10 адам қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы оннан аса кісі жарақат алды. Алғашқы екі лаңкестік әрекет шаһардың батыс бөлігінде хазарлықтар тұратын ауданда жасалған. Бірінші бомба мешіттің алдында, екіншісі шағын автобуста, ал үшіншісі қаланың солтүстігіндегі электр станциясында жарылды. Салдарынан шаһардың біраз бөлігі жарықсыз қалды. Шабуылдарды ешбір лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Жергілікті билік қаза тапқандар мен жараланғандар саны артуы мүмкін деп отыр.