Испанияда кемеден 15 тонна есірткі заты тәркіленді

Испанияның кеден қызметі балық аулайтын кемені ұстап, оның бортына тиелген 15 тонна «гашиш» есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Монғолия туымен жолға шыққан су көлігі Фуэртевентура аралының шығысында құқық қорғау органдарының назарына ілініпті. Тәртіп сақшылары 4 экипаж мүшесін қамауға алды. Балық аулайтын кеме Лас-Пальмас-де-Гран-Канарияның портына жеткізілді. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталып, қылмыстық іс қозғалды.