Қытайда торнадодан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды

Қытайдың солтүстік-шығысында Хэйлунцзян провинциясындағы Шанчжи қаласында торнадо салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды.

Мәліметтер бойынша, зардап шеккендердің барлығына медициналық көмек көрсетілуде, олардың біреуінің жағдайы ауыр.

Сәрсенбі таңертеңгі жағдай бойынша кем дегенде 148 үйге, ауылшаруашылық жерлерге және зауыттарға зиян келген.

Сондай-ақ...