ДДСҰ тағы бір қытайлық вакцинаны қолдануға рұқсат берді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қытайлық Sinovac Biotech компаниясының коронавирусқа қарсы вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл – ұйым бекіткен екінші қытайлық екпе. Препаратты 18 жастан асқан адамдарға 2 дозадан салуға кеңес етіледі. Бірақ клиникалық сынаққа жасы 60-тан асқан адамдар аз қатысқандықтан осы топтағы азаматтарға тиімділігін бағалау мүмкін болмаған. Ал зерттеу барысында вакцина екпе салғандардың 51%-інде аурудың бетін қайтарып, COVID-19-дың ауыр түрінің алдын алған.

Еске сала кетейік, халықаралық ұйым бұған дейін қытайлық «Синофарм» бірлестігінің вакцинасын төтенше жағдайда қолдануға рұқсат еткен.

Тедрос Адханом Гебрейесус, ДДСҰ бас директоры:

- Бүгін ұйымның коронавирусқа қарсы төтенше жағдайда қолдануға рұқсат еткен вакциналарының тізіміне қытайлық Sinovak-CoronaVac екпесінің енгізілгеніне қуаныштымын. Бұл препарат тексеру барысында өзінің қауіпсіздігі мен тиімділігн көрсетті. Және екпені сақтау шарттары қарапайым болғандықтан мүмкіндігі шектеулі елдерде қолдануға ыңғайлы екен.

Сондай-ақ...