Иракта «қара зең» ауруы тарап, екі адам көз жұмды

Ирактың оңтүстігіндегі Ди-Кар провинциясында кем дегенде екі адам «қара зең» деген атпен белгілі саңырауқұлақ ауруы мукормикоздан қайтыс болды.

«Насирия қаласында қара зең жұқтырудың төрт жағдайы тіркеліп, екі адам қайтыс болды. Бұл екі жағдай да коронавирустық инфекциядан туындаған асқынулармен байланысты», - деп хабарлаған жергілікті БАҚ.